ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: РИА Новости/Игорь Лаухин.
Қазақстанда 16 маусымда аптап ыстық пен қолайсыз ауа райы күтіледі, дп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктер 16 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт ыситынын, кей жерлерде найзағай мен дауыл соғуы мүмкін екенін ескертеді. Сонымен қатар көп аймақта өрт қауіпі жоғары, ал кей өңірлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысы:
Шығысы мен таулы аймақтарда найзағай болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шығысы, солтүстігі және орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысы:
Солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай, бұршақ, күндіз дауыл мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерде жоғары өрт қаупі, кей жерлерде төтенше қауіп бар.
Абай облысы:
Батысы мен орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел 23 м/с дейін күшейеді. Солтүстік, батыс және шығысында өрт қаупі жоғары, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде — төтенше қауіп.
Ақтөбе облысы:
Батысы мен солтүстігінде найзағай, 35-41°С аралығында аптап ыстық күтіледі. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары.
Қарағанды облысы:
Солтүстігі мен шығысында найзағай мен тұман, батысында 35°С дейін ыстық болады. Батыс, шығыс және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысы:
35-39°С қатты ыстық. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы:
Найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-36°С ыстық. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.
Маңғыстау облысы:
Найзағай, 38°С ыстық, жел екпіні 20 м/с. Өрт қаупі жоғары және төтенше.
Ақмола облысы:
Батысы мен шығысында найзағай. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Алматы облысы:
Таулы аудандарда найзағай. 35-36°С ыстық. 16-20 маусым аралығында өрт қаупі жоғары және төтенше.
Жамбыл облысы:
Таулы аймақтарда найзағай, жел 20 м/с дейін. 38°С ыстық. Өрт қаупі өте жоғары.
Павлодар облысы:
Найзағай мен тұман. Жел екпіні 20 м/с дейін. Батыс, оңтүстік және солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары немесе төтенше.
Солтүстік Қазақстан облысы:
Батысында найзағай, тұман, жел. Солтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Атырау облысы:
Найзағай, жел 20 м/с. Орталығы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы:
Оңтүстігі мен шығысында найзағай. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.
Түркістан облысы:
Күндіз 40-42°С аптап ыстық. Таулы аудандарда жел 20 м/с дейін. Батыс, оңтүстік және тау бөктерінде төтенше өрт қаупі бар.
Шымкент қаласы:
40°С дейін ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.