САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: baq.kz
Қазақстанда салынатын атом электр станциясының (АЭС) жобасына қатысты жоспарланған мерзім мен қаржы туралы сұрақтарға Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Агенттік мәліметінше, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, АЭС жобалаудан бастап толық іске қосылғанға дейін орта есеппен 10–12 жыл уақыт кетеді. Осыған байланысты Қазақстандағы АЭС құрылысы 2035–2036 жылдары аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыруға ниетті "Росатом" мемлекеттік корпорациясы осы мерзімдерге сай жұмыс істеуге дайын екенін растаған.
Ал жобаның алдын ала құны әзірге жарияланбайды. Агенттік оның коммерциялық құпия екенін және тараптар арасында жасалған құпиялылық туралы келісімге байланысты нақты сандар айтылмайтынын түсіндірді.
Сонымен қатар жобаның түпкілікті құнына бірнеше фактор әсер етеді. Олар:
Жобаның нақты құны жобалау жұмыстары толық аяқталып, барлық сараптамадан өткеннен кейін ғана белгілі болады.
Еске салайық, Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салу бойынша Ресеймен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мәскеу бұл жобаны жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру арқылы қолдауға дайын екенін білдірген.