ҚОҒАМ

Қазақстанда 16 миллионнан астам адамның жеке дерегі тарап кеткен: министрлік тексеріс басталғанын мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Shutterstock

 

Қазақстанда 16 миллионнан астам азаматтың жеке дерегі интернет кеңістігінде тарап кеткен. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, жария болған ақпараттардың ішінде азаматтардың аты-жөні, жынысы, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, ұялы және үй телефондары, азаматтығы мен ұлты секілді деректер қамтылған. Тараған жазбалар саны 16 миллионнан асып, ел халқының басым бөлігін қамтиды.

Мамандар бұл деректердің қалай тарағаны әзірге белгісіз екенін айтады. Бұл бұрыннан интернетке жарияланған базалардан құрастырылған болуы мүмкін немесе мүлде жаңа ауқымды ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы болуы ықтимал. Кейбір мәліметтер бойынша, деректер Telegram-дағы жабық арналар арқылы саудаланған.

Министрлік бұл ақпаратты тексеру үшін тиісті ведомстволардың бәрі жұмылдырылғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта деректердің өзектілігіне сараптама жүргізіліп жатыр. Алғашқы талдаулар олардың басым бөлігінің ескі екенін көрсетті", – деді ведомство өкілі.