САЯСАТ

Ираннан қазақстандықтар эвакуацияланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: facebook.com/u.abishev

Израиль мен Иран арасындағы шиеленіс басталғалы бері гуманитарлық көшіру шаралары күшейіп, соңғы бес күн ішінде Астара шекара бекеті арқылы 17 елдің 600-ден астам азаматы қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Bugin.kz Report агенттігіне сілтеме жасап.

Эвакуацияланғандар арасында Әзербайжанмен қатар ТМД елдерінің — Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Беларусь азаматтары бар. Сондай-ақ Германия, Италия, Испания, Португалия, Сербия және Румыния сынды Еуропа мемлекеттерінің де өкілдері үйлеріне оралған.

Көмек көрсетілгендердің қатарында АҚШ, Қытай, Вьетнам және Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары да болғанымен, олардың саны аз.

Көшірілгендер Иран шекарасында әлі де кезек күтіп тұрған жүздеген адамның бар екенін жеткізді.