САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Photo : РИА "Новости"
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөз сөйлеген "Росатом" корпорациясының басшысы Алексей Лихачёв Қазақстан мен Өзбекстанда әлемдегі ең үздік атом электр станциялары салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол қос елмен екі маңызды құжатқа қол қойылғанын атап өтті.
"Екі елге де жер жүзіндегі ең озық атом станцияларын саламыз. Бұл нысандар Ресейдегі қазіргі құрылыс нұсқаларынан да асып түсуі мүмкін", – деді Лихачёв.
Айта кетейік, 2025 жылы 20 маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы бойынша кездесу өткізді.
Кездесуде жобаны іске асыруға арналған индикативтік жол картасы бекітілді. Құжат инженерлік-іздестіру жұмыстарын, жобалау құжаттамасын дайындау және EPC-шарт жасасу кезеңдерін қамтиды.