ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: inbusiness.kz
Шерзат Болаттың өліміне қатысты шыққан үкімнен кейін сотталушылардың басым бөлігі апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, сот үкімі 2025 жылдың 21 маусымында заңды күшіне енген. Осы күннен бастап және сотталушылар үкімнің көшірмесін алғаннан кейінгі 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіру мүмкіндігі қарастырылған.
“Қазіргі таңда сотталғандардың көпшілігі, сондай-ақ олардың адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Тек Шыңғыс Белғожаев пен кәмелетке толмаған Думан Ысқақ шағым бермеді. Апелляциялық сот отырысының нақты күні кейінірек жарияланады”, — деді қорғаушы Мейірман Шекеев.
Еске салсақ, 2025 жылдың 5 маусымында Талғар аудандық соты кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың өліміне байланысты үкім шығарды. Істі судья Ержан Жанұзақов қарады.
Сот шешімі бойынша:
• Абзал Шынасыл – 23 жыл,
• Равиль Сакиев – 20 жыл,
• Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл,
• Нұрқияс Ілиясов – 9 жыл (оның алдында 2,5 жыл шектеу жазасы болғаны ескерілді),
• Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жыл,
• Думан Ысқақ – ҚР ҚК 434-бабы бойынша (ауыр қылмыс туралы хабарламау) 1,5 жыл бас бостандығынан айырылды.