ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне екінші деңгейлі банктерді тартуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазір тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі азаматтардың қаражатын тартуды, мемлекет сыйақысын есептеуді және
тұрғын үйге арзан несиелер беруді көздейді. Қолданыстағы жүйеде мұндай қызмет тек “Отбасы банк” арқылы жүзеге асып келеді. Онда несие мөлшерлемесі 3,5%-дан 5%-ға дейінгі аралықта белгіленген.
Агенттіктің мәліметінше, енді бұл тетікті өзге де банктер пайдалана алуы мүмкін. Бұл нарықтағы бәсекені арттырып, азаматтар үшін жаңа мүмкіндікке жол ашпақ.
“Екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын қабылдап, жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру құқығын қарастырып отырмыз. Бұл – жүйені дамытудың келесі кезеңі”, — делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Ұсынылған түзетулер “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасына енген. Қазір құжат мемлекеттік органдардың қарауында. Мәжіліске 2025 жылғы тамызда енгізілуі жоспарланып отыр.