ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: nbusiness.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев алдағы күндері киік санын реттеу мәселесіне қатысты түпкілікті шешім қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның сөзінше, ғалымдар популяцияны реттеу мақсатында киік санын азайтуға байланысты ұсыныс жасаған
"Ғылыми негіздеме қолымызға тиді. Қазір ұйымдастыру мәселелері қаралып жатыр. Бір-екі күн ішінде нақты шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Ғалымдардың пікірі – киіктердің жалпы санының 20 пайызын табиғи ортадан алу қаже", – деді министр.
Ресми деректерге сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 3,9 миллион бас киік тіркелген. Осы есепке сай, олардың шамамен 800 мыңын атуы мүмкін.
Министрдің айтуынша, мұндай көлемдегі жұмысты іске асыру үшін өңірлерде ет өңдейтін кәсіпорындар мен тиісті инфрақұрылым қажет. Осы мақсатта әкімдіктер мен мүдделі кәсіпкерлердің қатысуымен арнайы құрылымдар жасақталмақ.