Bugin

Қазақстандықтар қай айда жиі некеге тұрады? Статистика жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Қазақстанда 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықтағы статистикаға сәйкес, неке қию үшін ең танымал кезең — тамыз айы. Бұл жөнінде Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аталған мерзім ішінде тамызда жыл сайын орта есеппен 14,9 мың неке тіркеліп отырған. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркеліп, сол жылы 16,9 мың жұп некеге тұрған.

2015–2022 жылдары шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалған айлар қатарында болды. Алайда кейінгі екі жылда қыркүйектен гөрі маусымда көбірек неке қиылаын болған. Мысалы, 2024 жылы маусым айында 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген.

Осылайша, 2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары жұптар үшін ең көп таңдалатын айларға айналды.

Ал неке саны ең төмен болатын уақыт — қаңтар айы. Соңғы он жыл ішінде бұл ай бес рет неке қию бойынша ең төменгі көрсеткішке ие болған. Сонымен қатар, мамыр айында да некеге тұру белсенділігі төмен деңгейде қалып отыр.

Пандемияның әсері де статистикада айқын көрінеді: 2020 жылдың сәуірінде небәрі 3,8 мың неке ғана қиылған — бұл кейінгі онжылдықтағы ең төменгі айлық көрсеткіш.