ДАМУ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: gov.kz
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев каратэ спортында беделді атақтардың бірі – "Grand Winner – 2025" иегері Әсел Қанайды арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кездесуге облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшылары, спортшының жеке бапкері мен спорт саласының өзге де өкілдері қатысты. Жиын барысында Ертай Алтаев Әселдің халықаралық аренадағы табысын ерекше атап өтіп, оның болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.
"Түркістан өңірінің спортшылары еліміздің мерейін асырып, әлемдік деңгейде жеңістерге жетуде. Облыс әкімдігі тарапынан бұдан былай да спортқа қолдау жалғасады. Қазіргі уақытта каратэден Түркістан облысы үздіктер қатарында. Сізге облыс халқы ғана емес, бүкіл қазақ елі сенім артады. Қазақ спортының абыройын арттыра беріңіз. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының атынан шын жүректен алғыс білдіре отырып, спорттағы жолыңызда толағай табыс тілеймін", – деді Ертай Алтаев.
Кездесу соңында спортшыға қаржылай сертификат табысталды.
Айта кетейік, Әсел Қанай – халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 2025 жылы "Karate 1 Premier League Top – 32" рейтингілік турнирлерінің қорытындысы бойынша 2 қола және 1 күміс медаль жеңіп алған. Бүгінгі таңда әлемдік рейтингте 61 келі салмақ дәрежесінде 1-орында тұр. Және каратэ спортының ең беделді атақтарының бірі – "Grand Winner – 2025" мәртебесіне ие болған.
Әсел Қанайдың бұл жетістігі – еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Оның спорттағы жеңісі жастарға еңбексүйгіштік пен мақсатқа ұмтылудың жарқын үлгісін көрсетеді. Түркістан облысы әкімдігінің бұл қолдауы – өңірде еңбек адамының беделін арттыру жолында атқарылып жатқан нақты жұмыстардың бір парасы.