Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы
«Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде ұйымдастырылған «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты форум барысында техникалық және кәсіптік білім алып жатқан үздік студенттерге әлеуметтік серіктестік негізінде жұмысқа жолдамалар табысталды. Бұл – өндіріс пен білім беру ұйымдарының тығыз байланысының нақты жемісі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Түркістан облысы әкімдігінң баспасөз қызметі форум аясында жұмысқа жолдама алған үздік студенттердің тізімін жариялады.
“Текстиль” ЖШС тігін саласындағы Қазақстан Өзбекстан біріккен кәсіпорны – директордың орынбасары Джуманова Альфия Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің әлеуметтік серіктес ретінде үздік 3 студентке жұмысқа жолдама сыйлады.
«Қазақстан темір жолы» АҚ «Арыс локомотив жөндеу депосы» ЖШС - директордың бірінші орынбасары Керімбеков Марат №17 колледждің 3 студентін жұмыспен қамтасыз етіп, әлеуметтік серіктестікте жұмыс қарқынын күшейтуде.
«Кентау трансформатор зауыты» АҚ – басқарма төрағасы Құдайбергенов Бауыржан Кентау политехникалық колледжінің белсенді деген 5 студентіне жолдама сыйлап, жұмысқа шақырды.
«Қалдыбай» шаруашылық қожалығы басшысы Құланбаев Әріпбай Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 3 студентіне әлеуметтік серіктеатік негізде бос жұмыс орнын ұсынды.
Қазіргі таңда еңбек нарығы нақты дағдылары бар, кәсіби дайындықтан өткен жас мамандарға зәру. Ал бұл сұранысты қанағаттандыруда кәсіптік білім беру ұйымдары мен жұмыс беруші мекемелер арасындағы әлеуметтік серіктестік шешуші рөл атқарады. Білім мен өндірістің осындай ынтымақтастығы арқылы студенттер оқуды аяқтамай жатып өз саласы бойынша тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік алады.