ҚОҒАМ

Қарағанды облысында қайтарылған активтер қайда жұмсалатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ulysmedia коллажы

Қарағанды облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауылдық жерлерде 51 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобалар «Ауылдық медицинаны жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жоба шеңберінде Үкімет Арнаулы мемлекеттік қорға тиесілі 5,9 млрд теңгені осы нысандардың құрылысын аяқтауға бағыттау туралы шешім қабылдаған. Жаңа медициналық мекемелердің жыл соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Шет, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және медициналық бекеттердің құрылысы жүргізілуде. Бұл бастама шалғай ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Үкіметтің мәліметінше, ұлттық жоба аясында республика бойынша 655 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу көзделген. Қазіргі таңда олардың 480-і толық аяқталып, пайдалануға берілген.