Bugin

Жаңа көлік министрі халыққа адал қызмет етуге ант берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: tengrinews.kz

Жаңа көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге уәде етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Халқым мен Президентімнің алдында салтанатты түрде ант етемін: бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның экономикалық және рухани дамуына арнаймын, Конституция мен еліміздің заңдарын қатаң сақтаймын, барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын басшылыққа аламын, Қазақстан халқына адал қызмет етіп, еліміздің мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайтуға үлес қосамын. Ант етемін!", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Еске салайық, Нұрлан Сауранбаев 2024 жылғы 30 маусымда Көлік министрі болып тағайындалған.

Нұрлан Еркебекұлы Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, сондай-ақ Италиядағы Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – экономист, мұнай саласын басқару магистрі. Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияда бастаған.