САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Businessmir.kz
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласында мемлекет қаржысының тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Сарысу ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында 38,1 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты құдық қазуға бөлінгенімен, оны пайдалану барысында бірқатар заңбұзушылықтар орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тексеріс нәтижесінде субсидия алған 8 шаруа қожалығында қазылған құдықтар жобалық-сметалық құжаттамаға сай келмейтіні анықталған. Бұл Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен расталды. Құдықтардың тереңдігі мен сапасы талапқа сай болмаған.
Осы жайтқа байланысты 2025 жылғы 30 сәуірде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша (аса ірі көлемде алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу амалдарын Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу жалғасып жатқандықтан, басқа мәліметтер әзірге құпия сақталады.
Жамбыл облысының прокуратурасы бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын үнемі бақылауда ұстап отыр. Аталған іс – ауыл шаруашылығы саласындағы бақылаудың күшейгенін және қаржының заңсыз игерілуіне жол бермеу шараларының күшейіп жатқанын көрсетеді.