САЯСАТ

ҚТЖ-ға жаңа басшы келді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: railways.kz

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасы болып бұрын басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Талғат Алдыбергенов тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Талғат Алдыбергенов темір жол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Сонымен қатар, Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының экономика магистрі (қызыл дипломмен) және экономика ғылымдарының кандидаты.

Оның еңбек жолы 1992 жылдан басталып, жұмысшы лауазымдардан топ-менеджментке дейін өтуімен ерекшеленеді:

1992–1998 жылдары Батыс Қазақстан темір жолында тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары және аға жол коммерциялық ревизоры қызметтерін атқарған;

1998–2007 жылдары «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-тың «Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы» РМК Ақтөбе филиалының басшысы, «Қазтранссервис» МКД директоры, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз Сауда үйі» ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры болған;

2008–2019 жылдары «Кедентранссервис» АҚ президенті, «АвтоГазАлматы» ЖШС бас директоры және «Kazakhmys Maker» ЖШС басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған;

2024 жылдан бастап «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары ретінде қызмет етуде.