Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: gov.kz
Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды құру немесе ұлғайту үшін бөлінген, бірақ пайдаланылмаған қаражатты мемлекетке қайтару тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл жаңа механизм Жоғары аудиторлық палатаның бастамасымен Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен әзірленіп, 2024 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының қол қоюымен жаңартылған Бюджет кодексіне енгізілді.
«Бұл шара бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Енді ұлттық компаниялардың шоттарында бос қалған қаржы мемлекетке қайтарылады және ол әлеуметтік-экономикалық маңызды жобаларды қаржыландыруға жұмсалуы мүмкін. Мысалы, қаражат ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларға, инфрақұрылымды дамытуға немесе басқа да басым бағыттарға бағытталуы ықтимал», – делінген ресми хабарламада.
Жаңа норма квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қаржыны жоспарлау және игеру жауапкершілігін күшейтеді. Енді игерілмеген қаражат міндетті түрде мемлекеттік бюджетке қайтарылуы тиіс, бұл бюджеттің тиімсіз жұмсалу қаупін азайтып, есептілік пен ашықтықты арттырады.