ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: polisia.kz
Астанада полиция қызметкерлерінің жұмысына араласқан азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция инспекторының айтуынша, белгісіз азамат оларға жақындап, жұмысына кедергі келтіріп, сыйластық танытпай, жанжалдасып, қорлайтын сөздер айтты.
"Полиция қызметкерлерінің бірнеше рет ескертуіне қарамастан, ол олардың жұмысына кедергі жасауды тоқтатпады. Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындамады, әрекеттерін азаматтық борышын орындау және қызметкерлердің процессуалдық тәртіп бұзушылықтарына реакция ретінде түсіндірді", – деп атап өтті сот.
Мұндай әрекеті үшін азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша «Құқық қорғау органының заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау» деген айып тағылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 117 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қабылданған шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.