САЯСАТ

Ақтаудағы AZAL ұшағы апатына қатысты тергеу: сараптамалар аяқталуға жақын

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Азамат Сарсенбаев / Reuters

2024 жылы Ақтау әуежайы маңында болған AZAL («Azerbaijan Airlines») әуе апатына қатысты тергеу жұмыстары аясында 100-ден астам сараптама жүргізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әзербайжан Бас прокуратурасының Тергеу басқармасының басшысы Неймат Авазов өткен брифингте сараптамалардың көп бөлігі аяқталғанын айтты.

Кейінгі күндері сарапшылар тобының бір бөлігі Қазақстанға іссапармен барып, жергілікті мамандармен кең ауқымды әрі жан-жақты консультациялар өткізген.

Аталған оқиғаға қатысты тергеу әрекеттері екі елде – Әзербайжан мен Қазақстанда – параллель түрде жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайы маңында AZAL әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тауып,  29 жолаушы жарақат алған еді.