ҚОҒАМ

Каспийдегі күмәнді май дақтары: экологтар ресми түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Tengrinews.kz 

Маңғыстау облысының экологтары Ақтаудағы 15-шағынаудан маңындағы теңіз жағалауын тексеріп, ластану белгілерін таппады, деп хабарлайды Bugin.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

12 шілдеде әлеуметтік желі қолданушылары су бетінде май дақтары мен қалқып жүрген қоқыстар пайда болғанын айтып, жағалаудың күрт ластанғанын мәлімдеген еді. Куәгерлердің сөзінше, ластану біреулердің әдейі әрекетінен болғандай көрінген.

Осыған байланысты Маңғыстау облысының экология департаменті дереу әрекет етіп, сол күні оқиға орнына зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандарын жіберген.

“Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат негізінде Ақтау қаласындағы 15-шағынауданда теңіз жағалауының ластануына қатысты шолу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ластану белгілері анықталған жоқ”, – деп хабарлады департамент.

Экологтардың айтуынша, тексеріс барысында теңіз суының бетінде майлы қабаттар мен қалдықтар көзге түспеген. Дегенмен департамент жағалаудағы экологиялық жағдайға қатысты бақылауды жалғастыратынын жеткізді.