САЯСАТ

Антикордың бұрынғы басшысы қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол азаптау ісі бойынша күдікке ілінген. 

KazTAG дереккөзі ұсынған мәліметке сәйкес, Татубаев 14 шілде, сенбі күні тергеу аяқталғанға дейін екі ай мерзімге қамаққа алынған. Сонымен қатар, осы іс аясында «Қорғас ісі» бойынша тергеуші болған Бауыржан Мұжықов та дәл сондай мерзімге қамауға алынғаны белгілі болды.

Агенттік бұл ақпаратқа байланысты Бас прокуратураның баспасөз қызметінен ресми түсініктеме сұратып қойған.

Айта кетейік, Талғат Татубаев бұған дейін де азаптау фактісі бойынша ұсталған болатын. Ол — бұрынғы Бас прокурор, сондай-ақ Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігін (Қаржы полициясын) басқарған Қайрат Қожамжаровтың ең жақын серіктерінің бірі ретінде аталады.