ҚОҒАМ

“Әйел адамды баспалдақтан итеріп жіберген”. Желіде Амантай қажының видеосы қызу талқыға түсті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде экс-президенттікке үміткер Амантай қажы Асылбектің видеосы тарады. Бейнежазбада ер адамның әйелді баспалдақтан итеріп жібергені анық байқалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мәліметтерге сүйенсек, әйел ауыр жарақат алып, жамбас сүйегі сынған. Оқиға Алматы қаласында болған.

Видео кадрларынан шапан киген, қолына асатаяқ ұстаған адамның әйелді итеріп жібергені көрінеді. Қолданушылар бұл адамның антиядролық қозғалыс белсендісі, бұрынғы президенттікке кандидат Амантай қажы Асылбек екенін жарыса жазуда.

Оқиғаның мән-жайын Алматы қалалық Полиция департаменті анықтап жатыр.