Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының диқандары биылғы жиын-терім науқанын бастады. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қ.Әбдәлиев ауыл округіндегі «Үшбастау» өндірістік кооперативінде болып, орақ науқанының барысымен танысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазіргі уақытта комбайндар алтын дәнді қамбаға құюда.
«Үшбастау» ӨК егіс алқабынан 1 гектардан 25 центнер астық алу жоспарлануда. Жалпы, аудан бойынша өнім көлемі орташа деңгейден жоғары болады деп күтілуде. Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығына арналған 275,3 мың гектар жер бар.
Оның ішінде:
• 100,9 мың га – егістік;
• 133,6 мың га – жайылым;
• 30,9 мың га – шабындық;
• 13,5 мың га – суармалы алқап.
Биыл 100,9 мың га егістіктің 94 мың гектары игерілді. Ауданда 43,9 мың га аумаққа – бидай, 6,4 мың га – арпа, 8 025 га – мақсары және 33,6 мың га жерге жоңышқа, жүгері, көкөніс, бақша өнімдері және басқа да дақылдар егілген.
Көктемгі дала жұмыстарына 5 448 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлініп, шаруалар толық қамтылды. «Ырыс» микроқаржылық ұйымы арқылы 30 шаруа қожалығы 364 млн теңге көлемінде 5% несиемен қолдау алды.