ҚОҒАМ

Қазақстандықтардың күзде неше күн демалатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gov.kz

2025 жылдың күзінде мемлекеттік мерекелерге сәйкес қазақстандықтар қосымша екі күн демалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Биыл Конституциясы күні 30 тамыз сенбіге сәйкес келеді. Осыған орай, мерекелік демалыс күні 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады. Бұл — бес күн жұмыс істейтін азаматтар үшін ресми демалыс күні болмақ.

Қазан айында Республика күні 25 қазан сенбіге түсіп отыр. Соған байланысты бұл мерекенің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауысады. Нәтижесінде, бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан — 25, 26 және 27 қазан күндері демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесіндегілер үшін 27 қазан жұмыс күні болып қала береді.

Еске салайық, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдады. Бұл күн 1995 жылдан бастап ұлттық мереке ретінде аталып келгенімен, 2009 жылдан кейін ресми мәртебесінен айырылған еді. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

Қараша айында мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер қарастырылмаған. Сондықтан бұл айда қосымша ресми демалыс күндері болмайды.