БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Daryn.online
Daryn.online білім беру платформасы жыл сайын өз оқушыларына шетелге шығу мүмкіндігін ұсынады. Биыл ҰБТ маусымында 135+ балл жинаған үздік оқушыларға Дубай, Египет және Қытай елдеріне саяхат сертификаттары ұсынылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Марапат иелерінің ішіндегі басты кейіпкер — Шымкент қаласының түлегі Құрасбек Ақерке. Ол ҰБТ-2025 нәтижесі бойынша Биология + Химия пәндік комбинациясынан 138 балл жинап, ҰБТ-2025 тарихындағы абсолют рекорд иесі атанды. Ақерке Daryn.online платформасы арқылы дайындалып, жүйелі оқу, күнделікті тәртіп пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Оның бұл жетістігі тек өзі үшін емес, барлық талапкерге мотивация болды.
Салтанатты шарада үздік түлектердің бірі Қанағат Ахметқұл да марапатталды. Ол 134 балл жинап, үздіктер қатарынан көрінді. Қанағатқа су жаңа ноутбук сыйға тартылып, сахнада анасы екеуі ерекше құрметке ие болды.
Шара барысында оқушылардың дайындық жолын қамтыған мотивациялық видеолар, ұстаздарға арналған тосынсыйлар, және платформа қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Нұрай Бақыт және Ерке Рапаш сынды ұстаздар үздік шәкірт тәрбиелегені үшін шетелге жолдама алып, күтпеген марапат иесі атанды.
Daryn.online платформасы — 6 жылдан бері мыңдаған оқушыны ҰБТ-ға сапалы әрі жүйелі дайындап келе жатқан онлайн білім беру алаңы. Осы уақыт ішінде 30 мыңнан аса оқушыны нәтижелі дайындап шығарды.
Платформада әр оқушыға:
Платформаның басты миссиясы — сапалы білімді қолжетімді ету. Бұл мақсатпен жұмыс істейтін команда үздік оқушыларды дайындап қана қоймай, олардың болашағына сенім сыйлайды.
Курс туралы толық ақпарат: https://clck.ru/3NEdZH