ТӘРБИЕ

Сауранда өткен тазалық шарасына 300-ге жуық адам қатысты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округіне қарасты Аша және Қосмезгіл елді мекендерінде қоршаған ортаны қорғау және елді мекен аумағын тазалау мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Тазалық шарасына ауыл тұрғындары, еріктілер мен мекеме қызметкерлері белсене атсалысты. Жалпы акцияға 300-ге жуық адам қатысты. Тазалық жұмыстарына 9 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 14 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы полигондарға шығарылды. Іс-шара барысында көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары, арықтар мен бос жатқан жерлер қоқыстан тазартылды.