Bugin

Руслан Берденовке оқ атқан күдікті 9 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Коллаж: Kazinform; Gov.kz; Pixabay

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сот шешімімен шенеунікке оқ атқан Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін прокурор айыпталушыға 11 жыл 3 ай жаза тағайындауды сұраған еді, алайда сот қысқартылған мерзімді белгіледі.

Еске салайық, 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында Руслан Берденовке шабуыл жасалды. 

Сот процесінде айыпталушы әрекетін қызғанышпен түсіндірген. Оның айтуынша, жұбайының телефонынан Берденовтің “сен әдемісің” деген жазбасын көріп қалған. “Әйелімнің суретіне лайк басыпты” деп те мәлімдеген.

Алайда Руслан Берденов бұл уәждерді жоққа шығарды. Оның сөзінше, келіспеушіліктің себебі – қызметтік міндеттерге байланысты кәсіби мәселе.

“Жауапкер келісімшарт бойынша жұмысты тиісінше атқармады, есеп беруден жалтарды. Мен тек ашықтық пен міндеттемелердің орындалуын талап еттім. Ал қоғам назарын “қызғаныш” пен “жеке қатынасқа” бұру – шындықтан алшақтату. Мен оның жұбайын да, отбасын да танымаймын. Ол мен үшін тек мердігер болатын”, – деді Берденов сот отырысында.