САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: видеодан кадр
Талғарда ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталып жатқан Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарына қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Айыпталушылар қатарында Қасымбаевпен бірге Руслан Алиев, Мәдиyar Қалимжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков және Данияр Асқаров бар. Оларға "Адам ұрлау", "Қасақана ауыр дене жарақатын салу" және "Қорқытып алу" баптары бойынша айып тағылған.
Сотта жәбірленуші, фитнес жаттықтырушы әрі ММА спортшысы Арман Алимов Қасымбаевты бұрыннан танитынын, ал қалған айыпталушыларды тек ұрлау кезінде алғаш рет көргенін айтты.
"Хасанмен 2016 жылдан бері таныспын. Басқаларымен араздығым жоқ, оларды тек сол оқиға кезінде көрдім", – деді Алимов.
Қасымбаевтың адвокаты Ерлан Мендешев сотқа істі тоқтату туралы өтініш берді. Оның айтуынша, тергеу барысында бірқатар процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берілген. Мәселен, Қасымбаевқа қатысты іс 2024 жылғы 25 қазанда заңсыз тіркелген, ал қалған айыпталушыларға қатысты сот үкімі бұған дейін 18 шілдеде шығып, заңды күшіне енген.
Тағы бір қорғаушы Маулен Ержанов Қасымбаевтың бұл іске 2021 жылдан бері бірнеше рет тартылып, кейін қылмыстық қудалау тоқтатылғанын алға тартты.
"Осыған байланысты жаңа қылмыстық істің қозғалуын заңсыз деп санаймыз. Себебі бұрынғы үкімнің күші жойылмаған", – деді қорғаушы.
Сот процесі әлі жалғасуда.