МӘДЕНИЕТ

Әлеуметтік желіде көлік ұтысын жариялаған блогерлерге шағым түсті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде танымал блогер жұп Эльмира Толегенова мен Ерболат Жанабылов 30 мың теңгеге онлайн-курс алғандардың арасында 10 автокөлік ойнататынын жариялады. Алайда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Лотерея және ойын бизнесін реттеу комитетіне блогерлерге қатысты шағым түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазір Жанабыловқа ресми түсініктеме беру туралы хабарлама жолданған. Егер ол жауап бермесе, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалады.

“Түсініктеме болмаған жағдайда, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша іс қозғалады. Бұл бап жеке тұлғаларға – 100 АЕК, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 300 АЕК, орта бизнес субъектілеріне – 500 АЕК, ал ірі кәсіпкерлікке – 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады. Егер құқықбұзушы сотқа келмесе, іс сырттай қаралады”, – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік заң бойынша лотерея мен ұтыс ойындарын тек ресми операторлар мен агенттер ғана өткізе алатынын ескертті. Қазақстандықтарды күмәнді “гивтерге” қатыспауға шақырды.