Bugin

Жетісу облысында көпқабатты тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджет қаржысы талан-таражға түсті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚМА

Жетісу облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті тұрғын үй құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы тапсырыс беруші мен мердігер ұйым арасында жалпы құны 1,7 млрд теңге болатын екі көпқабатты тұрғын үй салуға келісімшарт жасалған.

Алайда қол қойылған атқарылған жұмыстар актілеріне қарамастан, бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары мүлде орындалмағаны анықталған. Нақтырақ айтқанда, жобада қарастырылған тоғыз қабаттың тек жетеуі ғана салынған. Сонымен қатар жылыту, сумен жабдықтау, электрмен қамту және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілмеген.

Нысан толық аяқталмай, пайдалануға беру мерзімдері өрескел бұзылған. Салдарынан мемлекетке келтірілген залал көлемі 152 миллион теңгеден асқан.

Соттың санкциясымен мердігер компанияның мүлкіне тұтқындау (тұрақсыздандыру) шарасы қолданылды.

Аталған іске қатысты мердігер ұйымның директоры мен техникалық қадағалау жүргізген компания қызметкерлері күдікті ретінде танылып отыр.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.