САЯСАТ

Берденовтің қызметінен кеткені рас па? Шымкент әкімдігі түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: t.me/mazhilis_kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қызметінен босатылғаны жөніндегі ақпарат әлі расталмады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты нақты жауап беруден бас тартты. Олар Берденовтің қазіргі уақытта ресми түрде еңбекке жарамсыз парағы бар екенін, яғни ауруханада ем қабылдап жатқанын алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі мен бірқатар ақпарат көздерінде Берденовтің лауазымынан босатылғаны туралы мәліметтер тараған еді.

Руслан Берденов 2025 жылдың ақпанында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Алайда 21 сәуір күні оған қарулы шабуыл жасалып, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оған жедел түрде ота жасалды.

Аталған іске байланысты сот үкімі шығып, күдікті Ернар Жиенбай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.