ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: qazsporttv
Қазақстандық “Қайрат” футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде шотландиялық “Селтикті” ұтып, алғаш рет топтық кезеңге шықты. Негізгі және қосымша уақыт 3:2 есебімен аяқталса да, жеңімпазды пенальти сериясы анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ойын барысында қақпашы Темірлан Анарбеков ерекше көзге түсті. Ол шешуші пенальтиде үш соққыны тойтарып, командасына тарихи жеңіс сыйлады.
Чемпиондар лигасының ресми парақшасы қазақстандық қақпашының фотосын жариялады. Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер оның ерлігіне сүйсініп, мақтау пікірлерін жаудырып жатыр.