САЯСАТ

БҚО-да 5 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сурет: kaz.inform.kz

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында пайдаланылмай жатқан 5 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның кадастрлық құны 38 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Прокуратураның мәліметінше, жер пайдаланушылар аталған аумақтарды ұзақ уақыт бойы мақсатқа сай игермеген. Осыған байланысты қабылданған қадағалау шаралары нәтижесінде жер мемлекет меншігіне өтті. Қазір бұл учаскелер заңды экономикалық айналымға енгізілуде.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, қайтарылған жерлер ауылдық жерлердегі адал шаруаларға беріледі.

Айта кетсек, бұған дейін Ұлытау облысының прокуратурасы пайдаланылмаған 90 мың гектар жерді мемлекетке қайтарған болатын.