ҚОҒАМ

Түркістан облысында биыл 16 жағажай қызмет көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы аумағында жыл басынан түрлі жағдайда 55 адамның суға кету жағдайы тіркелді. Оның ішінде 25-і кәмелет жасына толмаған балалар. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Нұрмаханұлы баяндады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

"Облыс бойынша арнайы белгіленген орындарда 16 жағажай ресми түрде ашылды. Сондай-ақ, арнайы және ресми шомылуға арналған орындары жоқ елді мекендерде 233 модульді 2 каркасты бассейндер орнатылды. Сонымен қатар, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстағы БАҚ өкілдерімен бірігіп 673 шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда,  телеарнада – 45, әлеуметтік желіде – 108, газет-журналда– 284 мақала жарияланды. Жыл басынан 2525 рет рейд жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 151 жеке тұлғаға – 2 078 062 теңге, 3 заңды тұлғаға және 3 кәсіпкерге – 235 920 теңге айыппұл салынды" -  деді  спикер.