ДАМУ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: yujanka.kz
Алатау қаласына ерекше мәртебе беру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “Amanat” партиясы фракциясының мүшесі Ербол Ерәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көтерілген бұл бастама инвестициялар мен инновацияларды тартуға кең мүмкіндік ашады.
“Алатау іскерлік пен инновация орталығына айналмақ. Мұнда заманауи өндірістер, жоғары технологиялық компаниялар мен алдыңғы қатарлы жобалар шоғырланатын болады”, – деді депутат.
Сондай-ақ ол Түркістан қаласының тәжірибесін мысалға келтірді. Оның сөзінше, ерекше мәртебе беру шешімі Түркістанды рухани, мәдени және туристік орталыққа айналдырды. Мұнда инфрақұрылым мен инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, халықтың тұрмыс сапасы артып келеді.
“Алатау енді инвестициялық әрі технологиялық хабқа айналып, Қазақстанды Қытай, ЕАЭО және Еуропа сияқты негізгі нарықтармен байланыстырады. Бұл – ірі инвесторларды тартуға және жаңа өсім нүктесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін қадам”, – деп атап өтті Ербол Ерәлиев.
Депутаттың пікірінше, Алатау мен Түркістан – бір-бірін толықтыратын екі қала. Бірі рухани және мәдени орталық болса, екіншісі инновациялық және инвестициялық полюсқа айналмақ.