ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Pixabay / 4711018
Жамбыл облысында күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мойынқұм аудандық сотының мәліметінше, азамат К. 2025 жылдың ақпан айында жеке күзет ұйымы бақылауындағы, қауіпті өндірістік объект саналатын алтын өндіруші кәсіпорын аумағына заңсыз кірген.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Оның кінәсі хаттама, жеке түсініктемелері, полиция қызметкерлері мен кәсіпорын өкілдерінің баянаттары арқылы дәлелденген.
Сот шешімімен азамат К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қаулы заңды күшіне енді.