ДАМУ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Түркістан облыстық мәслихаты
Арыс қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жасаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер жәнеоны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын насихаттау мақсатында тұрғындармен кездесу өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов, М.Әуезов атындағы ОңтүстікҚазақстан мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, PhD доктор Ермек Бекбосынов, сондай-ақ Арыс қалалық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны «AMANAT» партиясы Арысқалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі идеялармен басымдықтарды талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.
Алғашқы сөзді Ермек Бекбосынов алып, Жолдаудың маңыздылығы мен оның қоғамөміріне әсері туралы жан-жақты баяндады. Одан кейін Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс және Арыс қалалықтатар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Расиль Байков ойларын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөзсөйлеп, Президент Жолдауының еліміздің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екендігін атап өтті.
Сонымен қатар мәслихат төрағасы Президент айқындаған жаңаша тәсілде жұмыс жасаудың маңызды 7 міндетіне тоқталды.Нұралы Әбішов инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистиканы және туризмді жаңаша дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлікті цифрлық дамыту, адам капиталын дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталып, облыста және қалада атқарылып жатқан жұмыстарды тарқата айтты.
Сондай-ақ Жолдаудағы әрбір тапсырманың ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, азаматтарды оны жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.
Жиын қорытындысында қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың өзектілігін атап өтіп, оны іске асыруда бірлесе еңбек етуге дайын екенін білдірді.