САЯСАТ

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қала активіне және қалалық мәслихат депутаттарына Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Мұқаш Мақсат Асқарұлын таныстырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мұқаш Мақсат Асқарұлы 1991 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт», М.С. Нарикбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетін «Құқықтану», Esil University мекемесін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013 жылы білім және спорт саласында бастаған. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде басшылық қызметтер атқарды.

2019–2023 жылдары Жаңаөзен қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болды. 

2023 жылдан бастап Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.

2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.