ДАМУ

Алаш зиялысы Міржақып Дулатұлының есімі Арқалық қалалық әуежайына беріледі

Арқалық қаласының әуежайына Алаш қайраткері, қазақ ағартушысы, педагог, ақын әрі жазушы Міржақып Дулатұлының есімі беріледі. Бұл туралы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жаслан Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gov.kz

Ресми ақпаратты өңірлік «Арқалық хабары» басылымы жазды.

«Бұл қадам өңірдің рухани жаңғыруына ғана емес, сонымен қатар Торғай өлкесінің тарихи тұлғаларын ұлықтауға бағытталған маңызды шешім болмақ. Осылайша Алаш арыстары Ахаң мен Жахаңның есімі қатар аталған Қостанай облысының әуе қатынасы жаңа деңгейге көтерілмек. 2026 жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі деп жоспарланған нысан Арқалықтың транзиттік әлеуетін арттыратыны сөзсіз»,- деп жазылған мақалада. 

Биыл жұмысын қайта жандандыратын әуежай филиалына мамандар іріктеу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Талапқа сай үміткерлер іріктеуден өткен соң, алдағы уақытта арнайы кәсіби оқыту курстарына жіберіледі. Бұл жаңадан ашылатын нысанды білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.