ТЕХНОЛОГИЯ
Илон Масктің 2026 жылғы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда (WEF) сөйлеген сөзі әлемдік технология нарығында қызығушылық туғызды. Оның мәлімдемелері бұрынғы болжамдарынан да батыл әрі нақты мерзімдермен ерекшеленіп, жаңа технологиялар мен жасанды интеллект рөлі туралы көзқарасы форумда талқылауға түсті, — деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: REUTERS / Denis Balibouse
Илон Маск форумда гуманоид роботтардың қарқынды дамып жатқанына тоқталып, қазірдің өзінде Tesla зауыттарында Optimus роботтары қарапайым тапсырмаларды орындап жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына қарай олар бұдан да күрделі операцияларды меңгеретін болады.
«Біз келесі жылдың соңына қарай гуманоид роботтарды жаппай сатылымға шығаруды жоспарлап отырмыз», — деп мәлімдеді кәсіпкер.
Сондай-ақ форумда Илон Маск адамзаттың ұзақ жасауына қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады. Адамның ұзақ өмір сүруі туралы айта келе, Маск қартаюды «Толықтай шешілетін мәселе» деп қарастырды.
«Ғалымдар қартаюдың түпкі себебін анықтаған сәтте, оның шешімі барлығына айдан анық болады», — деді ол. Кәсіпкердің бұл сөзі медицина мен технологияның тоғысқан нүктесінде жаңа трендтердің бастамасы болуы мүмкін.
Айта кетейік, бүгінде Forbes журналының нақты уақыт режиміндегі мәліметтері бойынша Илон Масктің дәулеті 779 миллиард долларға бағаланып отыр.