САЯСАТ
Құрылтай депутаттарына министрлердің есебін тыңдауға бастамашылық жасау және заңнама талаптары орындалмаған жағдайда оларды лауазымынан босатуды талап ету өкілеттігін беру ұсынылды. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ақорда
«Жекелеген нормада Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде үштен бірін құрайтын тобы Үкімет мүшелерінің қызметі бойынша есептерін тыңдауға бастамашылық етуге, сондай-ақ заңдар орындалмаған жағдайда есептерді тыңдау қорытындысы бойынша Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы ұсыныспен жүгінуге құқылы екені бекітіледі», - деді депутат.
Халық қалаулылары Үкімет мүшесінің есебіне қанағаттанбаса, оның жұмысынан кетуіне бастамашылық ете алады. Ол үшін құрылтай мүшелерінің кемінде 3/1-і дауыс беруі тиіс.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентінің атауы өзгеретінін мәлімдеген еді. Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының негізгі ұсыныстарын басшылыққа алып, Қазақстан Парламентінің атауын «Құрылтай» деп өзгертуді ұсынды.