ТЕХНОЛОГИЯ

Үкімет Алматы облысында екінші Атом Электр Станциясын салу туралы шешім қабылдады

Қазақстандағы екінші АЭС бой көтеретін аймақ ресми түрде бекітілді. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданында бой көтеретін Атом электр станциясының құрылысын Қытайдың CNNC (China National Nuclear Corporation) корпорациясы жүзеге асырмақ, деп хабарлайды Bugin.kz

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: neftegaz.ru

Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді.

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғының құрылысы туралы шешім қабылдансын», – делінген премьер-министр қол қойған Үкімет қаулысының мәтінінде.

Еліміздегі атом энергетикасын дамыту жоспарына сәйкес үш бірдей станция салу көзделіп отыр. Бірінші нысанның құрылысына Ресейдің «Росатом» компаниясы жетекшілік етсе, қалған екі нысанды Қытай компаниялары салуы тиіс. АЭС станцияларының Қазақстанда салынуы жөнінде бұған дейін Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев екі АЭС Алматы облысында, бір АЭС Батыс Қазақстанда орналасатынын мәлімдеген.

Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясы жариялаған нәтиже бойынша дауыс берген азаматтардың  71%-ы елімізде атом электр станциясын тұрғызу бастамасына қолдау білдірген болатын.