ДАМУ
Қазақстандық FlyArystan лоукостері тегін тасымалданатын қол жүгінің мөлшері өзгеретінін жариялады. 2026 жылдың 1 наурызынан бастап әуекомпания жолаушылары бұрынғы 5 кг-ның орнына салмағы 7 кг-ға дейінгі қол жүгін алып жүре алады, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Google AI
Бұл туралы FlyArystan авиакомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Шешім жолаушылар сұранысының құрылымын, операциялық процестерді және авиатасымалдаушылардың тәжірибесін зерделеуді қамтитын нарықтың кешенді бизнес-талдауының қорытындысы бойынша қабылданды», — делінген хабарламада.
Жаңа ережелер 2026 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді және билеттің қашан сатып алынғанына қарамастан, өзгеріс енгізілген күннен бастап барлық рейстерге қолданылады.
Ескеретін жайт, 2026 жылдың 28 ақпанына дейінгі рейстерде бұрынғы талаптар сақталады, қол жүгінің салмағы 5 кг-нан аспауы тиіс. Сондай-ақ жолаушы өзімен бірге тек бір дана қол жүгін алып жүре алады. Ол белгіленген салмақ пен габаритті өлшемге (56×23×36 см) сәйкес болуы керек.