Bugin
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада шыңын бағындырып, еліміздің қоржынына қысқы ойындар тарихындағы екінші алтынды салды, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: olympic.kz
Бұған дейін еліміздің тарихында мәнерлеп сырғанаудан айтулы жеңіс 1994 жылы аңызға айналған Владимир Смирновтың ғана қолынан келген еді. Шайдоров осы жеңісімен Денис Теннің Сочидегі қола жүлдесімен басталған даңғыл жолды алтынмен аптап, мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.
Миландағы Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы техникалық тұрғыдан аса қиын бес төрттік элементті мінсіз орындауымен ерекшеленді. Төрешілер оның өнерін 198,64 ұпаймен бағалады. Осылайша, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинаған Шайдоров қарсыластарынан қара үзіп шығып, жеңіс тұғырының бірінші сатысына жайғасты.
Миландағы Олимпиада ойындарының марапаттау рәсімінде Қазақстан туы ең биік сатыға көтерілді. Михаил Шайдоровтың айтулы жетістігінің құрметіне еліміздің мемлекеттік гимні орындалып, бұл оқиға қысқы спорт түрлерінен Қазақстанның әлемдік деңгейдегі потенциалын тағы бір мәрте дәлелдеді.