ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстандық ғалымдар диабет және жүрек ауруларының алдын алатын өнімді нарыққа шығармақ

Отандық ғалымдар созылмалы аурулармен күресудің жаңа тәсілін ұсынбақ. Қазақ тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібі ҒЗИ базасында функционалды құрғақ таңғы астар жасалуда, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жаңа өнім қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі. Бұл бастама еліміздегі импортты алмастыру саясатына сәйкес келеді және халықтың пайдалы әрі сапалы тағамға қолжетімділігін арттырады.

Нарықтағы дайын таңғы астардың көпшілігінде қант көп, витаминдер аз. Отандық зерттеушілер бұл мәселені шешу үшін дәннің бүтіндігін сақтау принципін қолдануда. Отандық шикізаттан жасалатын жаңа өнімнің энергетикалық құндылығы төмен болғанымен, денсаулыққа пайдасы орасан. Ол ағзаны қажетті талшықтармен, маңызды минералдармен және В тобы витаминдерімен байыта отырып, салауатты тамақтанудың негізіне айналмақ.

Ғалымдардың айтуынша, жаңа құрғақ таңғы ас емдік және профилактикалық диета ұстанушылар үшін таптырмас өнім болмақ. Ол зат алмасу процестерін жақсартып қана қоймай, асқазан жұмысын реттеуге және дене бітімін қалыпта сақтауға септігін тигізеді.

Аталған жоба отандық функционалды өнімдер қатарын толықтырып қана қоймай, импортқа, шикізатты тиімді өңдеудің жаңа ғылыми әдістемесін қалыптастыруға жол ашады. Бүгінгі таңда өнімді шығарудың барлық техникалық кезеңдері мен құрамы әзірленді. Тұтынушылар отандық жаңа таңғы асты нарықтан келер жылы көре алады.