ҚОҒАМ
Ұлытау облысында әлеуметтік саясатты іске асыру аясында көпбалалы аналарға бағытталған қолдау шаралары күшейтілді. Биылғы жылы аймақтағы аналардың әл-ауқатын арттыру және оларға көрсетілетін көмек көлемін ұлғайту мақсатында бюджеттен 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото:Gov.kz
8 наурыз мерекесі қарсаңында аймақтың көпбалалы аналарына ерекше ілтипат көрсетілмек. Олардың құрметіне бюджеттен біржолғы әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге 20 000 теңге мөлшерінде төлем беріледі, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде аталған санатқа жататын 9 375 ана тіркелген.