Bugin

Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Aqorda

Мемлекет басшысының Жарлығымен XXV Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанау спорт түрі бойынша алтын медаль иеленген Михаил Шайдоров ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Ал спортшының жетістігіне елеулі үлес қосқан бапкері әрі жаттықтырушы-кеңесшісі Алексей Урмановқа ІІ дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді.

Сондай-ақ мәнерлеп сырғанау саласындағы жемісті еңбектері үшін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Ә. Қасановаға, бапкер С. Шайдоровқа және мәнерлеп сырғанау одағының президенті  Б. Ералыға салтанатты түрде «Құрмет» ордені табысталды.