ҚОҒАМ
Қазақстанда алдағы үш жылдық кезеңде жалпы құны 4,6 триллион теңгені құрайтын жол құрылысы жобаларын іске асыру жоспарланған. Қаражат еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Forbes
Министрдің айтуынша, 2029 жылға дейінгі стратегиялық жоспар аясында 10 мың шақырым автожолды орташа жөндеуден өткізу көзделген. Қазіргі таңда жұмыстардың тең жартысы, 5 мың шақырымы, толық аяқталды. Қалған 5 мың шақырымды жаңарту жұмыстары алдағы үш жыл ішінде кезең-кезеңімен іске асырылмақ.
«Автожол жобаларын жүзеге асыру үшін елімізде негізгі құрылыс материалы бар. Бұл құрылысты толық қамтамасыз етуге және жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Инертті материалдар шектеулі өңірлерде ірі өндіріс орындарының техногендік минералдық қалдықтары пайдаланылады», - деді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.
Алдағы ағымда қаржыландыру көлемі 4,6 триллион теңге құрайтын 3,25 мың шақырымдық жол инфрақұрылымы дамиды. Министр бұл жобалардың жүзеге асуы еліміздің транзиттік рөлін күшейтіп, экономикалық пайда әкелетінін атап өтті.