ҚОҒАМ

Дубайдан 306 жолаушы елге жеткізілді

Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына 3 наурыз күні екі эвакуациялық рейс орындады, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Дубайдан Астана мен Алматыға ұшып келген эвакуациялық рейстер арқылы 306 адам Қазақстанға жеткізілді. Көлік және Сыртқы істер министрліктері бұл бағыттағы бірлескен жұмыстарды әлі де тоқтатқан жоқ.

«Жақын уақытта Медина және Джидда қалаларынан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарланып жатыр», делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, Иран, Израиль, Ирак, Сирия, Иордания және Ливан сияқты елдердің әуе кеңістігіндегі қауіп деңгейінің жоғары болуына байланысты бұл бағыттар арқылы ұшуға тыйым салынған болатын. 2026 жылдың 1 наурызында Дубай халықаралық әуежайының терминалдарының біріне соққы жасалып, салдарынан төрт қызметкер жарақат алған. Бұл оқиға әуе қатынасының уақытша тоқтауына және рейстердің кешігуіне әкелді.