САЯСАТ

Президент шет мемлекеттер елшілерімен кездесуде Қазақстанның бейбітшіл сыртқы саяси бағытын нақтылады

Бүгін Ақорда резиденциясында Қазақстан Президентінің қатысуымен шет мемлекеттермен дипломатиялық байланысты нығайту мақсатында сегіз елдің жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшілері Мемлекет басшысына өздерінің сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Aqorda

Сенім грамоталарын Норвегия Корольдігінің елшісі Хелена Санд Андресен, Аргентина Республикасының елшісі Энрике Игнасио Феррер Виейра, Гана Республикасының елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Мали Республикасының елшісі Сейду Камиссоко, Гамбия Республикасының елшісі Алкали Фанка Конте, Бангладеш Халық Республикасының елшісі Мұхаммед Назрул Ислам, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Шобини Гунасекера, Босния және Герцеговина елшісі Иван Орлич тапсырды. 

«Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан Қазақстан аймақтағы тұрақты әрі экономикасы қарқынды ел саналады. Дегенмен біз қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей, экономикалық реформаларды дәйекті түрде жалғастырып келеміз. 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Мемлекетті одан әрі өркендету жолындағы бұл маңызды құжатты халқымыз қолдайды деп ойлаймыз. Жаңа Конституция Қазақстанда қолға алынған іргелі өзгерістерге берік негіз қалап, демократияландыру мен жан-жақты жаңғырту ісіне қомақты үлес қосады, сол арқылы елімізді дамытуда тың мүмкіндіктерге жол ашып, халықтың әл-ауқатын арттырады деген үміттеміз», - деді Президент.

Қазақстан Президенті еліміздің бейбіт сыртқы саясатты ұстанатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы әлемдегі барлық кикілжіңдер мен қақтығыстарды шешуде дипломатиялық тетіктерді пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, кез келген мәселені тек бейбіт жолмен реттеуге шақырды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Таяу Шығыс елдеріне әрдайым тілектес екенін және шиеленістің тезірек шешілуіне үміт артатынын жеткізді.

Кездеcу соңында Президент шет мемлекеттердің өкілдеріне табыс тілеп, олардың кәсіби қызметінің екіжақты ынтымақтастық үшін маңыздылығын бағалап, сенім білдірді.