ТЕХНОЛОГИЯ
«Байқоңырда» зақымданған ұшыру кешені қалпына келтірілді, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Зымыран ұшыру инфрақұрылымын нығайту шеңберінде Байқоңырдың 31-ші алаңындағы қызмет көрсету кабинасы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпаратты «Роскосмос» растады. Енді техникалық қызмет көрсету жұмыстары жаңартылған, қауіпсіз әрі заманауи талаптарға сай нысанда жүргізілмек.
Еске сала кетейік, аталған нысан өткен жылдың қараша айында «Союз МС-28» зымыран-тасығышы ұшыру кезінде зақымдалған болатын. Ұшу миссиясы сәтті орындалғанымен, старт үстелінің кейбір элементтеріне техникалық зақым келгені анықталды. Қазіргі уақытта «Роскосмос» мамандары бұл олқылықтарды толық жойып, қызмет көрсету кабинасын қайта қосты.
Мамандардың айтуынша, жөндеу барысында 250 метрден астам дәнекерлеу жұмысы орындалып, кабинаның барлық механизмдері мұқият тексеруден өткен. Бұл алдағы зымыран ұшыру процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.
22 наурыз күні «Байқоңыр» айлағынан «Прогресс МС-33» жүк кемесін ғарышқа ұшыру жоспарлануда.